ҚазҰУ студенттері Халықаралық Олимпиадаға қатысты

10 сәуір, 2024

2024 жылдың 26 наурызы мен 27 наурызы аралығында Волгоград басқару институтында – РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының филиалы, Тіл білімі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасында ағылшын тілінен халықаралық олимпиада бакалавриаттың 1-2 курс студенттері үшін «Lingvo Masters» ұйымдастырылды. Байқауға “ География және табиғатты пайдалану” факультетінің студенттері Сапарбаева Жанель, Шаймардан Меруерт, Пернехан Медина – Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенттері; Мұратова Алина, Дауытбаева Салтанат, Серікова Ақерке – Кадастр мамандығының 1 курс студенттері.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Салтанат Дауытбаева 2 орынға, Сапарбаева Жанел, Мұратова Алина 3 орынға ие болды.
Алғыс хат шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Балғабекова Р.Н. халықаралық олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге қатысқаны үшін.