ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі, ҚазҰУ студенті туралы ережемен таныстыру

5 қыркүйек, 2023

05 қыркүйек күні География және табиғатты пайдалану факультеті студенттер арасында ҚазҰУ академиялық саясатының ережелері мен талаптарын, ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексін түсіндіру жұмыстары жасалды. Сондықтан да университетте «ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік әдеп кодексі», «ҚазҰУ студентінің ар-ождан кодексі», «ҚазҰУ-дің Этика жөніндегі кеңесі туралы Ереже» секілді құқықтық-нормативтік актілер толық күшіне енген.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық студенттер қауымдастығы ар-намыс кодексін құрушы ұйым,ұйымның мақсаты-бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына ықпал ету. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығының студенттерге арналған ар-намыс кодексінен үзінділерді ұсынғымыз келіп отыр:

 - Университеттің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;

- Университеттік қауымдастықтың бірлескен мәдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;

- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;

- ҚазҰУ студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

Ар-намыс кодексі 13-баптан тұрады. Ар-намыс кодексі студенттің-Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының шебері болуға, өз бойында шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылуға жетелейді деп ойлаймын.

Студент - өзінен үлкендерге құрметпен қарауға, өзін қоршаған адамдарға дөрекілік көрсетпейді, мүмкіндігінше әлеуметтік қорғалмаған адамдарға қамқорлық көрсетуге шақырады.

Студент – әдептіліктің, мәдениеттің және адамгершіліктің үлгісі, өнегесіздікке қарсы, дініне, ұлтына және жынысына байланысты кемсітушілікке жол бермейтін елінің нағыз патриоты болуға жетелейді.

Студент -салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әрекеттерден толықтай бас тартады.

Студент — ЖОО-ның дәстүрлерін құрметтейді, институт мүлкін, Студенттер үйіндегі тазалық пен тәртіпті сақтайды т.б ережелерге бағынады.