"Ақша энергиясы: табысқа жүйелі жетудің формуласы"

4 сәуір, 2024

2024 жылдың 4 сәуірінде "6В07303 - Жерге орналастыру" мамандығының 1 курс студенттеріне А.Байтүрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасының аға-оқытушысы, PhD доктор Үміт Анесова қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында "Ақша энергиясы: табысқа жүйелі жетудің формуласы" атты ашық-семинар сабағын өткізді. Сабақта парақорлық пен заңсыз түрде тез баюдың теріс әсерлері айтылып, адамның қабілеттілігі мен маман ретінде елге көмек беріп, күнделікті қызметінде құндылығын арттыру арқылы дамуы жақсы табыс пен маман ретінде орнығуы айтылды. Студенттер белсене қатысып, түрлі сұрақтор қойды.