- Басты бет
- Жаңалықтар
- Женева университетінің (Швейцария) үздік профессоры, PhD доктор Абделжалил Аккариден көшбасшылық дәріс
Женева университетінің (Швейцария) үздік профессоры, PhD доктор Абделжалил Аккариден көшбасшылық дәріс
2024 жылдың 10 сәуірінде сағат 11:00-де Халықаралық қатынастар факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Женева университетінің (Швейцария) үздік профессоры, PhD доктор Абделжалил Аккари «Білім беру саясатын интернационалдандыру: мәселелері мен әлемдік тенденциялары» тақырыбында дәрісі оқыды. Өз дәрісінде профессор Швейцариядағы білім жүйесі туралы айтып, жаһандану жағдайында және әлемде орын алған пандемияның білім жүйесіне әсері туралы ойымен бөлісті.
Профессор А.Аккари білім берудің халықаралық өлшемдері бойынша зерттеу тобының (ERDIE) директоры, білім беру жүйесіндегі талдау және араласу (AISE) бойынша магистратураның үйлестірушісі, халықаралық білім берудегі кеңейтілген зерттеулер бойынша магистратура және докторантураның директоры және ғылыми-зерттеу, төтенше жағдайда мұғалімдерді оқыту бойынша CAS үздіксіз білім беру сертификатының директоры. Оның негізгі ғылыми тәжірибесі мен жарияланымдарына халықаралық ынтымақтастық, білім беруді жоспарлау, көп мәдениетті білім беру, мұғалімдерді дайындау және білім берудегі теңсіздік мәселелері бойынша зерттеулер кіреді. Негізгі ғылыми қызығушылықтары қазіргі уақытта оқытушылардың білімі мен білім беру жүйесін салыстырмалы және халықаралық тұрғыдан реформалауға бағытталған.
Профессор Аккари Абделжалил 500-ден астам ғылыми еңбектің және 50-ден астам кітаптың авторы (бірлескен авторы). 160-тан аса халықаралық конференциялар мен семинарларға белсене қатысты. Ол ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік банктің халықаралық жобалары бойынша сарапшы, әртүрлі ғылыми ұйымдардың мүшесі және Латын Америкасы, Оңтүстік және Солтүстік Африка, Жапония және Канададағы жоба жетекшісі. Сонымен бірге, профессор Аккари Абделжалил Женева университетінде 20-дан астам докторлық диссертациялардың жетекшісі. Хирш индексі h=8. Scopus деректер базасында 47 мақаласы оның ішінде соңғы 3 жылда 15-тен астам мақала жариялады.
Ұйымдастырушы: Дипломатиялық аударма кафедрасы