«Тілдер-мәдениеттер арасындағы көпір»

10 сәуір, 2024

2024 жылдың 10 сәуірінде Түркітану және тіл теориясы факультетінің "Екі шет тілі" мамандығының үшінші курс студенттерімен «Тілдер-мәдениеттер арасындағы көпір» атты іс-шара өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты әртүрлі мәдени топтар арасында тілдік және мәдени білім алмасу, сонымен қатар студенттер арасында өзара түсіністік, төзімділік пен бір-біріне деген құрметті дамыту. Іс-шара Филология факультетінің бакалавриат студенттерімен өткізілді. Оқытушылар, сондай-ақ бакалавр мен магистрант студенттері қонақ ретінде қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл білімі кафедрасының оқытушылары: Авакова Р.А., Камзина А.А, Мұхатова М.С., Матай С., Әбікенова Ж.