Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтатынындай, білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізері хақ. Тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбие – кең ұғым. Ол БІРЕР САҒАТТЫҚ ЖИНАЛЫС, ЖҮЗДЕСУЛЕРМЕН тоқтап қалмайтын, үздіксіз жүретін үдеріс. Адамды отбасы, қоғам, қоршаған ортасы тәрбиелейді. Біз бір-бірімізге айнамыз. Ал, жас талапқа тағылымды тәрбие беріп, зердесіне жол табу ұстаз үшін де оңайға соқпасы анық. Осы орайда Журналистика факультетінің студенттеріне ҚазҰУ-дың "Ар-намыс кодексі" туралы жан-жақты түсіндірілді.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024