Факультет студенттері əл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексімен танысты

22 қазан, 2023

21.10.2023 жылы Биология және биотехнология факультетінің студенттері арасында ҚазҰУ академиялық саясатының ережелері мен талаптарын, ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы Университеттің жоғарғы санатты жəне адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, университеттік қауымдастықтың бірлескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы жəне отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып, ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарымқатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып, ҚазҰУ студентінің аталып отырған арнамыс Кодексін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.