Студенттеріміздің марапаттары

10 сәуір, 2024

Журналистика факультетінің 3 курс студенті Құрман Құралай ҚХР өткен ХІІ Қытай халықаралық фольклорлық арт-фестивалінің қатысушысы атанды. 2024 жылы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында берілген шәкіртақыға ие болды. Сонымен қатар, Астана қаласында өткен «Әділетті қоғам - адал азамат» атты республикалық семинар-тренингінің сертификатын иеленді. Ағымдағы жылдың 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректорының «Құрмет» грамотасымен марпатталды.