Кураторлық сағат

4 қыркүйек, 2023

2023 жылдың 04.09 күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Дүйсенбі Динара Темірбайқызының жетекшілігімен дінтану және исламтану мамандықтарының 1-курс студенттеріне кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттерге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің академиялық саясаты, студенттердің ар-намыс кодексі, студент туралы ереже және ішкі тәртіп ережелері таныстырылды.