БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

11 желтоқсан, 2023

11.12.2023 ж. биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовнаның төрағалығымен кафедра докторанттарының ғылыми семинары өтті.

 

Баяндамалар жасады:

Жақсыбай Жұлдыз Әбілсейітқызы, 8D05102-Биомедицина мамандығы бойынша 2-курс докторант диссертациялық жұмысы бойынша «Өсімдік тектес препараттармен жүкті егеуқұйрықтар мен олардың ұрпақтарының эксперименттік қант диабеті кезіндегі өзгерістерін коррекциялау» тақырыбында баяндама жасады.

Дүйсенбек Аяулы диссертациялық жұмысы бойынша «2 типті қант диабетіндегі қабыну мен тамыр жүйесінің күйімен байланысты плазмалық микроРНҚ рөлін зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

Кафедраның ПОҚ және 8D05101 Биология, 8D05102 биомедицина, 8D05109 Нейроғылым мамандықтары бойынша 1-3 курс докторанттары қатысты.