ҚазҰУ-да гуманитарлық көмек жиналуда

10 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналуда.

Жәрдем қабылдау пункті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен ашылды.

Бүгінде оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары табиғи апаттан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету жұмыстарына белсенді қатысуда.

Жәрдем қабылдау орнында жаңа киім-кешектер, азық-түлік, гигиеналық заттар, көрпелер, бұзылмайтын тағамдар, ауызсу,  төсек-орын жабдықтары қабылданады.

Гуманитарлық көмек арнайы жүк көліктерімен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілетін болады.

Қабылдау орталығы ҚазҰУ қалашығындағы Технопарк ғимараты жанында орналасқан. Гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті еріктілер үшін қабылдау пункті таңертеңгі сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Байланыс телефоны:

8 707 562 85 04 – Жанар Сартбай, Арт-орталығының директоры.

8 701 311 34 14 – Берік Дихан, Студенттер қалашығының маманы.

8 708 843 29 24 – Бақытгүл Сатыбалдиева, Студенттер қалашығының маманы.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі