«Заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар» тақырыбында воркшоп-семинар өтті.

10 сәуір, 2024

9.04.2024 ж. Сағат 10.00-13.00 де, Экономика және бизнес жоғары метебінің 201 мәжіліс залында ТДМ 4,8,9,11,12,15,17 көрсеткіштеріне негізделген «ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ПАРАДИГМАСЫ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, САЛДАР, МҮМКІНДІКТЕР» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен  4 секция «Заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар» тақырыбында воркшоп-семинар өтті. Аталған тақырып бойынша өзекті проблемалардың себеп- салдарлары мен мүмкіндіктері  қатысушы қонақтар мен модератор, спикерлер арасында жан-жақты пікір-сұрақ талқысында, жоғары денгейде өтті. Әсіресе, Спикерлер: Қалибеков Мақсат Мұратбекұлы (QBI Analytic бас директоры) «S&OP sales and operational Planning. Барлық жұмыс процестерін жоспарлау, талдау, есеп беру және бақылау процесін біріктіретін жүйе»; Балабеков Марат Табысбекұлы ( Product Owner Galamat Tech ЖШС) «Цифрлық әлемдегі заманауи кәсіптің трендтері»; Елюбаева Бахыт Сеилхановна («Almaty Creative» креативті индустрияларды дамыту орталығы ЖШС бас директорының орынбасары ) «Креативті индустриялар орнықты экономиканың болашағын қалай қалыптастырады: өсу көздері мен даму мүмкіндіктері» тақырыбындағы баяндамалары мен белсенділіктеріне орай воркшоп-семинар қорытындысында «үздік» бағаланып ұйымдастырушылар тарапынан  сый, құрметке ие болды.