"ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ ҮШІН" халықаралық жобасы

11 сәуір, 2024

Қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысының" ұйымдастырған академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ ҮШІН" халықаралық жобасына "Аудит және бақылау" білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты, PhD э. ғ. к. Нурмагамбетова Ажар Зейноллаевнаның ғылыми жетекшілігімен Кыздарбекова Әсет Садвакасовна қатысып, 1 дәрежелі диплом, қатысушы куәлігі және медалінің иегері атанды.  

Жинақтың тұсаукесері мен марапаттау рәсімі 2024 жылғы 03 сәуірде Астана қаласында, Қазақстан Республикасы, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтті.

Кітаптың тұсаукесеріне 50-ден астам қатысушы, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да таяу шет елдерден қонақтар шақырылды. Қорытынды конференцияда құттықтау сөздері берілді, айта кетсек:

"Бөбек "Жалпыұлттық қозғалысы" халықаралық ұйымының басшысы Е. М. Абиев;

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ "Мемлекет тарихы институты" директорының орынбасары Ғылым комитеті, Қазақстан тарихы бойынша 8-сыныптың авторы-Ж. Н. Қалиев;

"Бөбек "Жалпыұлттық қозғалысы" халықаралық ұйымы басшысының орынбасары - Е. О. Ешім;

Қырғыз Республикасының ҚР Елшілігінің өкілі.

Сондай-ақ, "Ұлттық аспаптарда ойнау" - мәдени бағдарламасы тамашаланып, Халықаралық жобаның қатысушыларына дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Жобаға қатысу ТДМ 4 «Барлығына сапалы білім беру» шеңберінде өтті, баяндама тақырыбы ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» шеңберінде жазылған.