«ҚР төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел

9 сәуір, 2024

 

 

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2024 жылдың 09 сәуір күні философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры М. С. Садырова, аға оқытушы Қ. А. Авсыдыкова, Нуран Д.Н., доцент м.а. А.Б. Сарсенова, докторант С. С. Асаубек «ҚР төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шарада Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасының аға инспекторы азаматтық қорғау аға лейтенанты М. Е. Ералы баяндама жасап, табиғи апаттардан халықты қорғау әрекеттері мен тәсілдері туралы түсіндірілді.