Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің докторанттары үшін тағылымдама

8 сәуір, 2024

2024 жылдың 1 сәуірі мен 7 сәуірі аралығында Тұрақты мақсаттарға жетудің 17-бағыты «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» (17.4.3 Кеңірек қоғамдастықтағы тұрақты даму мақсаттары бойынша білім беру) шеңберінде академиялық алмасу мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Физикалық химия кафедрасының докторанттары Сидрасулиева Гоззал мен Джунсалиева Галия әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында тағылымдамадан өтті. Жас ғалымдарды кафедрада жүргізілетін электрохимия саласындағы зерттеулер шабыттандырды. Олардың келуі тек тереңдетіп білім алу мүмкіндігі ғана емес, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту жолындағы құнды қадам болды.