![](/storage/news/37104729596618fac864388012429525_1.png)
1967 жылы 26 наурызда Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Мақаншы ауылында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1994), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1998) бітірген.
Әлеуметтанушы, заңгер, философия ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Қазақ мәдениетінің әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы мен даму бағыттары», 2000 ж.).
1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеген.
Еңбек жолын Қазақ тұтынушылар одағы жүйесінде бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде маман, бас маман, жауапты қызметтерді атқарып, 1997 жылдан «Атамұра» корпорациясының вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.
2009 жылдан «Атамұра» корпорациясының президенті.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған, 3 медальмен марапатталған.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2249890149675815384d611106033306_Аманбаева Дина, 2024 МО.jpeg)
![](/storage/news/3244005330675813ab8b460786470002_Абдулазизов Акбар фото.jpeg)