Жеңіс Жомарт ЖеңісұлыFarabi University

Жеңіс Жомарт Жеңісұлы

23 маусым, 2025

Ғалым, шығыстанушы-ирантанушы. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің ирантану бөлімін «шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 2009-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі. 2015-2017 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ирантану бөлімінің меңгерушісі. 2023 жылдан бастап Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары. 2003 жылы жалпы тарих бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады: «Иранды ортағасырлық түркілердің жаулап алуының рухани және саяси аспектілері». Отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 100-ден астам мақалалар мен шолулардың авторы.

Басқа жаңалықтар