БАЛАНДИН ДМИТРИЙ ИГОРЕВИЧ

12 сәуір, 2024

 

2008 жылы Дмитрий Алматыдағы спорттағы дарынды балалар мектеп интернатына қабылданды,  ол осы мекемеде  2012 жылға дейін  Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Ивaн Голохада жаттықты. Дмитрий14 жасында алғашқы жеңісін Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Алексaндр Попов атындағы жасөспірімдер арасындағы Кубоутың жеңімпазы атанды. 2011 жылы VII Азия чемпионатында  (Джaкaрта, Индонезия) жастар арасында күміс жүлдегері атанды.

Дмитрий 2012 - 2016 жылдар аралығында Алексей Кaзaковтың жетекшілігімен жаттығып Корей республикасының Инчхонда өткен Жазғы Азия ойындарында үш алтын медаль жеңіп алды, осы жетістіктері үшін оған халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді, ал жаттықтырушысы Алексей Кaзaков ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы атанды.

Дмитий 2015 жылы Корей республикасының Кванджоуда өткізілген Жазғы универсиадасында  100 метрлік брасс түрінде алтын және 50 метрлік қашықтықта брасс түрінде қола медаль жеңіп алды.

Дмитрий Бaлaндинді 2016 жылғы Олимпиада ойындарында көрсеткен  жоғары жетістігі үшін Президент Н.А. Нaзaрбaев II дәрежелі «Бaрыс» орденімен марапаттап, ҚР өкіметі атынан 250 000 доллaр көлемінде сыйақы тапсырды, Алмaты әкімі Бaуыржaн Бaйбек үш бөлмелі квартир және Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін сыйға тартты, ал ҚР ішкі істер министрі Кaлмұхaнбет Кaсымов «Халықаралық ынтымақтастықққа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

1 қыркүйек 2016 жылы aль-Фaрaби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  олимпиада чемпионы Дмитрий Бaлaндиннің атымен жаңа бассейнді ашу салтанатын өткізді.  Дмитрий бассейннің ашылу салтанатында айтқан сөзінде «мен олимпиада ойындарында Қазақстанға алтын медаль сыйлауды армандаушы едім, ал менің  alma materім менің атымда бассейнді атайды деп ойламаппын» деп ағынан жарылды. Осы жылы Дмитрий ҚР мемлекеттік жастардың «Спорт» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығының лауреаты  атанды. «Charity tour de Burabay 2016» атындағы қайрымдылық қоры өткізген аукционда олимпиада чемпионы Дмитрийдің лотындағы футболкасы 1 млн. 450 мың теңгеге сатылды. 2017жылы Дмитрий Қазақстанның «Халық сүйіктісі» премиясы бойынша «Жыл Спортшысы» атанды.

2018 жылы Баландин Қазақстанның 24топ спортшылары қатарына еніп МОК Токио-2020 олимпиадасы құрметіне  тағайындалған «Олимпиада степендиясына»  іріктеліп алынды.

2017 жылы Дмитрий Бaлaндин aль-Фaрaби атындағы Қазақ ҰУтінің медициналық факультетінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығын аяқтады. Олимпиада чемпионы Дмитрийдің университетте оқыған барысында жетекшісі болған  болған А.Г. Хохловқа ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы атағы берілді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Дмитрий Бaлaндин aль-Фaрaби атындағы Қазақ ҰУті alma materінде құқық қорғау факультетінде  екінші жоғары білім алу мамандығында оқып жатыр.

Басқа жаңалықтар