Студенттік бизнес-инкубатордың инновациялық жобалар байқауының қорытындысы

12 сәуір, 2024

2024 жылғы 05-09 сәуір аралығында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар конкурсын өткізу туралы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы аясында үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу, оларды дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін акселерациялауға жәрдемдесу мақсатында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы конкурсын өткізді.

Университет студенттерді өздерінің инновациялық кәсіпорындарын құруға ынталандыру мақсатын қоя отырып, сонда студенттер ретінде болашақта жұмыс орындарын дайындау туралы ойлана бастайды. Байқау Студенттік бизнес-инкубаторды дамытудың бірыңғай тұжырымдамаларын қалыптастыруға және университеттердің олардың дамуына қатысуын арттыруға бағытталған.

Биылғы жылы студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар көрмесіне үздік жобалар таңдалды. Байқауға 59 инновациялық жоба қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 9 жобаның және 2 номинацияның авторлары жеңімпаз деп танылды. Олар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Студенттік бизнес-инкубатордың инновациялық жобаларының дипломдарын марапаттау рәсімі біздің университетіміз үшін маңызды оқиға болып табылады, өйткені ол шығармашылық ойлауды, инновацияны және кәсіпкерлікті қолдауға және ынталандыруға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Атап айтқанда, бірінші дәрежелі диплом және ақшалай сертификат механика-математика факультетінің студенті Рахматулла Заңғарға «Робототехника» бағыты бойынша табысталды.

Екінші дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификат иегерлері: Биология және биотехнология факультетінің студенті Елиубаев Қанат, «Биология» бағыты, физика-техникалық факультетінің студенті Беспалов Данил, «Озық өндіріс және цифрлық технологиялар» бағыты, сондай-ақ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенті Ерзат Мырзақан «Робототехника» жобасының бағыты.

Химия және химиялық технологиялар факультетінің «Жеңіл өнеркәсіп және жаңа материалдар» бағыты бойынша студенттері Сурнин Алексей, Ахметова Айрина, Тайманова Диляра, Түсіпов Мәди, тарих факультетінің «IT-мұрағатшылардың біліктілігін арттыру платформасы» бағыты бойынша студенттері Алданазар Ұлжан, Ахметова Меруерт, Көбеген Айжан, Шәкіртхан Камила, Әлиаскарова Ерсейім, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша филология факультетінің студенттері Нарықбай Нұркен, Жанарбек Қарақат, Серік Жантөре, «Баламалы энергия көздері» бағыты бойынша физика-техникалық факультетінің студенті Жанахмет Рахат, сондай-ақ «Экологиялық білім» бағыты бойынша география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Дәулетханова Еркежан III дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттардың иелері атанды.

Студенттік бизнес-инкубатордың инновациялық жобасының барлық қатысушыларын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Біздің студенттердің шығармашылығы мен жаңашылдыққа деген ұмтылысы, жаңа биіктерді бағындыруға шабыт ала беруіне тілектеспіз!