Oxford University Press өкілінің семинары өтті
23 қыркүйек Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің ұйымдастыруыменOxford University Press өкілі Марчин Дембовскидің семинары өтті.
Oxford University Press ірі университет баспасы болып табылады және әлемнің 25 ең ірі баспаларының қатарына кіреді. Осылайша, Oxford University Press жыл сайын 5000 астам кітап және 300 ғылыми журналдар шығарады.
Осы іс-шарада Марчин Дембовский әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдары үшін зерттеулер жүргізу бойынша, әлемге әйгілі Оскфорд Университетінің гранты пен шәкіртақысын алу мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, лектор Қазақстан ғалымдары үшін өзекті және қажетті болып табылатын Oxford Language Editing жүйесіндегі ғылыми мақаланы өңдеу сервисі жөнінде сөз қозғады. Айта кететін жайт аталған сервис рейтингті журналдарға жариялануға дайындалған ғылыми жұмыстардың ағылшын тілі сапасының жоғарлауына себебін тигізеді.
Сондай-ақ, университеттің ғалымдары мен оқытушы-профессорлық құрамын рейтингті баспаларда мақалаларды жариялау бойынша ұсыныстармен таныстырды. Әлем бойынша және Қазақстан ғалымдарының жарияланым белсенділігі негізіндегі қиындықтар мен оның даму жолдары, ғылымның әлемдік трендтері және экспертті-аналитикалық қызмет, академиялық адалдық жайлы сапалы баяндама жасалды.
Халықаралық баспалар өкілдерімен ашық семинар-тренингтердің жиі өткізілуі Университеттің ғалымдарын тиімді жағынан хабардар етуге және олардың әлемнің ең мықты журналдарына жариялануына мүмкіндік береді.