Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен ТДМ - 15 аясында «Бөлме гүлдерін баптау» тәрбие сағаты өтті.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты: бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру; гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау және бөлме гүлдеріне қамқорлық жасау.
Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Бөлменің сәнін келтіретін бөлме гүлдері ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз. Бөлме гүлдерін бойына қарай ретімен орналастырамыз, сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.