ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ОҚУЛАРЫ

10 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ш.Ә. Рамазанова, А.А. Аккузова 2024 жылдың 10 сәуірінде Алматы қаласы Білім басқармасының  «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен  жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» атты байқаудың қалалық кезеңінде қазылар алқасының құрамында қазылық етті.