Биотехнология кафедрасының профессоры Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының алғыс хатымен марапатталды

12 сәуір, 2024

Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтілуде.

Ғылым қызметкерлері күні Қазақстанда 2011 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес атап өтіледі. 12 сәуір ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты. 

Биылғы жылы Ғылым қызметкерлері күніне ұйымдастырылған ІІІ Халықаралық Фараби форумы аясында төрт халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, екі дөңгелек үстел, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дәстүрлі байқауы,  инновациялық жобалар және студенттік бизнес-инкубаторлар байқауы өткізілді.  Сондай-ақ, ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы университет профессорлары мен доценттерін, барлық оқытушылар құрамын, жас ғалымдар мен студенттерді арнайы төсбелгі медальдарымен құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыс етті. ҚазҰУ-дың көптеген ғалымдарымен қатар, биотехнология кафедрасының профессоры, деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!