"ҚазҰУ Үздік жас ғалымы- 2024" - Какимова Ардак Болатовна
5 сәуір, 2024

PhD докторы, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Какимова Ардак Болатовна "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы- 2024" байқауының жеңімпазы атанды. Ғылым күні қарсаңында Басқарма мүшесі-Ректор Ж. Қ. Түймебаев "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы" байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен 100 мың теңге сомасына сертификаттар табыс етті.
Какимова Ардақ – 15 жарияланымның, оның ішінде Scopus және Web of Science рецензияланған журналдарындағы 4 мақаланың, ККСОН-дық 6 мақаласының және халықаралық конференцияларда жарияланған 5 тезистің авторы, H-index 4. Сонымен қатар, ол 4-тен астам гранттық қаржыландыру жобаларында ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады. Какимова Ардак Болатовнаны марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілейміз!
Басқа жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025

18 қыркүйек, 2025

18 қыркүйек, 2025