Сейдуманов Серик Турарович - әлеуметтану ғылымдарының докторы, Профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ғылымның, білімнің, мәдениеттің, спорттың, денсаулық сақтаудың еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткері, Мемлекеттік қызметтің төртінші біліктілік санаты ие, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры, V және VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Әлеуметтану академиясының академигі (2005), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. (2013).
С.Т. Сейдуманов 1957 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы №9 орта мектепті бітіріп, 1974 жылы Мәскеу инженерлік-химиялық институтына оқуға түскен, 1979 жылы «Химиялық-технологиялық процестерді автоматтандыру» инженері мамандығын алып, Ново-Жамбыл фосфор зауытына комсомол құрылысына жіберіліп, осы жерде №12 цех бастығы болып еңбек жолын бастады. 1980-1988 жж. комсомол органдарында жұмыс істеді, зауыт комсомол комитетінің хатшысы, меңгерушісі болды. Жамбыл облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Жамбыл қалалық комитетінің екінші хатшысы, жауапты ұйымдастырушы, комсомол Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңесшісі, Қазақстан Социалистік партиясының Алматы облыстық және қалалық ұйымының төрағасы қызметтерін атқарды. 1982-1984 жылы ВЛКСМ ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінде саясаттанушы мамандығын бітірген. 1991 жылы шілдесінде КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын аяқтағаннан (1988-1991 ж.ж.) әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады және Қазақстандағы әлеуметтану ғылымдарының бірінші кандидаты болып табылады. 1998 жылы мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторлық диссертация қорғап, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор дәрежесіне ие болды.
1992 жылдың сәуірінен 1997 жылдың қаңтарына дейін және 2002 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың ақпанына дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істег аға көмекші, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Атқарушы хатшылығының меңгерушісі, бас инспектор, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі, қоғамдық-саяси басқарма басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Жастар ісі, туризм және спорт министрінің орынбасары, Білім, мәдениет және спорт министрлігінде департамент директоры, аппарат басшысы, «Крау» БК бас директоры, Парламенттің ақпараттық-талдау орталығының директоры болды.
2006 жылдан 2013 жылға дейін – Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2021 жылдары VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Мемлекеттік органдарда С.Т. Сейдумановқа Дүниежүзі қазақтарының І, ІІІ құрылтайы, Қазақстан халықтарының форумы, Ордабасыдағы жиын, Конституцияны қабылдау жөніндегі бірінші халықаралық Еуразиялық конференция, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру штабтарына жетекшілік ету тапсырылды. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының, VII қысқы Азия ойындарының Алматы 2011 алауының эстафетасы, т.б. партиялар мен қозғалыстарды құруға және Қазақстанның демократиялық-социалистік партиясын, Қазақстанның патриоттық партиясын, Қазақстанның либералдық қозғалысын, халықтық партияларын, «Нұр Отан» Демократиялық партиясын, жастар ұйымдарын, Алматы қаласы әлеуметтік шиеленістерді шешу жөніндегі қоғамдық кеңесін дамытуға атсалысты.
С.Т. Сейдуманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Д.А. Қонаевтың Халықаралық қор президиумының, Қоғамдық даму министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес (ҚДМ) мүшесі, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының қазылар алқасы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Аккредиттеу кеңесі, «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясының Президиумы, Орталықтың Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі сараптау комиссиясы Мемлекеттік гранттар бойынша, МОР жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде еңбегін жалғастырды. Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің төрағасы, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның депутаттық тобының жетекшісі, шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі 6 топтың төрағасы, вице-министр -Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті (2002 жылдан), Түркі әлемі әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті (2015 жылдан), халықаралық және республикалық деңгейдегі 20-дан астам ауқымды ғылыми форумдардың, 25-тен астам республикалық әлеуметтанулық зерттеулердің, «Әлеуметтану- Sociology» еларалық журналының, әлеуметтану бойынша ғылыми басылымдардың ұйымдастырушысы болды. Ғылым докторы мен кандидаты ғылыми дәрежелеріне ие болған 7 шәкірті бар.
С.Т. Сейдуманов 30 жылдан астам білім және ғылым саласында еңбек етсе, оның ішінде 21 жылдан астам білім беру саласында түрлі басшылық қызметтерде болды. 1997 жылы Білім, мәдениет және спорт министрлігі аппаратының меңгерушісі болып, 11 жыл бойы Президент Әкімшілігі мен Алматы қаласы әкімдігінде білім және ғылым саласына жетекшілік етті.
Қазіргі уақытта С.Т. Сейдуманов Қазақстандағы белгілі университеттер мен жүйелердің келесі қамқоршылық кеңестерінде жұмыс істейді: «Тұран» университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «AlmaU» университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» Қамқоршылық кеңесі және «Бөбек» ұлттық ғылыми-педагогикалық білім беру орталығы. Орталық Азияда мойындалған жалғыз Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің жұмысына белсенді қатысқан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында диссертациялық кеңестердің мүшесі болып табылады.
С.Т. Сейдуманов "Құрмет" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.