Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері биология ғылымдарының кандидаты Датхабаева Гаухар Кубеновнаны «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны үшін құттықтайды.

12 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде III халықаралық Фараби форумы қорытындыланды. Іс-шараға ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, отандық және шетелдік ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. «Дәстүрлі халықаралық Фараби форумы дүниежүзіндегі фарабитанушы ғалымдарды біріктірген беделді платформаға айналып, жас ғалымдар мен студенттердің терең зерттеулерге деген қадамдарын нығайтуға ықпал етуде. Биыл форум аясында төрт халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, екі дөңгелек үстел, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дәстүрлі байқауы,  инновациялық жобалар және студенттік бизнес-инкубаторлар байқауы өткізілді. 

Іс-шара барысында Ғылым қызметкерлері күніне орай, ЖОО бір топ ғалымы төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін»  төсбелгісімен биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Датхабаева Гаухар Кубеновна марапатталды.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының ұжымы б.ғ.к., асс.профессор Датхабаева Гаухар Кубеновнаны жемісті ғылыми-педагогикалық қызметіндегі кезекті жетістігімен құттықтайды және жаңа кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді.