ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

14 сәуір, 2024
  • Жансейіт Түймебаев III халықаралық Фараби форумының қорытынды жиынына қатысып, университеттің бір топ ғалымын марапаттады. 
  • Ректор Фараби форумына қатысушылармен бірге білім ордасында жаңадан ашылған «Қашықтықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасын аралады. 
  • Оқу ордасының басшысы «Фараби» заманауи обсерваториясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Қансейітұлы оқу ордасына жұмыс сапарымен Армения және Қырғызстаннан келген сарапшы-ғалымдармен кездесті.
  • Жансейіт Түймебаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ҚазҰУ-да өткен сенбілікке қатысып, студент жастармен жүздесті. 
  • ЖОО басшысы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын аралап, құрылыс барысымен танысты. 
  • Ректор барша қазақстандықтарды 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен және Ораза айт мерекесімен  құттықтады. 
  • Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ерікті түрде гуманитарлық көмек беру үшін ҚазҰУ-да арнайы гуманитарлық пункт ашылды.