Арал тағдыры- адам тағдыры!

11 сәуір, 2024

     11.04.2024 ж "Бағдарламалық қамтамасыз ету" ПОК 107 тобының білім алушылары куратор Ч.А.Мадиярованың жетекшілігімен "Теңіздердің экожүйесін сақтау" тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша "Арал тағдыры- адам тағдыры" тақырыбында іс-шара өткізді.  Аталмыш іс-шараға білім алушылар өте үлкен дайындықпен келген. Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал одақта екінші орын алғандығы айтылды. Білім алушылардың бір тобы Арал теңізінің тарихын, бір тобы экологиялық жағдайын, бір тобы одан таралған ауру түрлерін, жоғалу қаупінде тұрған жануарлары, балықтары туралы зерттеулерін, ал келесі бір тобы Арал теңізі тағдырынан туындаған әдеби туындылары мен өлеңдерін айтты. Табиғатқа қамқорлық жасау- әрбір адамзаттың абыройлы міндеті,әрі парасатты міндеті екенін жүрегімен сезінді.
              Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір кәусәр тынысын.
              Пәк табиғат!
              Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
              Ей, адамдар!
              Қалай ғана қатыгездік жасайсың, 
              Ол-анаң ғой, ал сен- кенже ұлысың.
      Ендеше,табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.