Smart Archive

11 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастыруымен III Халықаралық Фараби Форум аясында 2024 жылдың сәуір айында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өткізілді.

Конкурсты ұйымдастырудың  мақсаты - үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу, содан кейін оларды дамудың барлық кезеңдерінде идеяны пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін акселерациялауға жәрдемдесу.

Байқауға Тарих факультетінің «Сандық архивтану және құжаттану» мамандығының 3 курс студенттері Алданазар Ұлжан, Ахметова Меруерт, Алиаскарова Еркеайым, Шәкіртхан Камила, Көбеген Айжан қатысып, “Smart Archive” атты өз жобаларын ұсынды.

Жобаның ғылыми жетекшісі  дұние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Г.Е.Сабденова.

Студенттер жүлделі 3-орын иеленіп, Ректор Дипломымен және 75 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.