«CASE-IN» халықаралық инженерлік чемпионат

12 сәуір, 2024

Тарихы терең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойына орай және Тұрақты даму мақсаттарының 4.0 «Сапалы білім беру» бағытының аясында  «CASE-IN» халықаралық инженерлік чемпионатының жартылай финалдық іріктеу сатысын республикалық деңгейде «Мұнайхимия» бағытында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы ұйымдастырды. «CASE-IN» халықаралық инженерлік чемпионаты – оқушыларға, студенттерге және жас мамандарға арналған инженерлік кейстерді шешудегі халықаралық жарыстар жүйесі. Чемпионатта өндістік процестердегі туындаған күрделі мәселелерді талдай білу және оны шешу кезінде кәсіпорынның өнімділігіне, еңбек қауіпсіздігіне, экономикалық және экологиялық тиімділікке әсер ететін факторларды барынша саралап, өздерінің ұсыныстарын, шешімдерін ұсыну болып табылады. Биылғы іріктеру сатысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Petroleums», С.Өтегенов атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Dream team», Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Мұнай», Қазақстан-Британ техникалық университетінің «ChemHack», «AlmaOil» командалары қатысып, тәжірибелі ғалымдар мен мамандардан құрылған тәуелсіз комиссия алдында өндірістік технологиялық мәселелерді шешудің экономикалық және экологиялық тиімділігін кейс түрінде ұсынып, жоғары кәсіби шеберлікпен баяндап, қойылған сұрақтарға нақты ғылыми дәлелдемелер тұрғысында жауап берді. Нәтижесінде құрамында «Мұнайхимия» мамандығының 1 курс магистранттары Забара Назар, Азимбай Абзал, Серікқазы қызы Ақерке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Petroleums» командасы суырылып алға шығып, Мәскеу қаласында өтетін финалдық сатыға жолдаманы ұтып алды.

 Е.А.Аубакиров

Б.С. Бәкірова