ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

12 сәуір, 2024

ҚАЗҰУ-ДА «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ
ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2024 жылдың 4-6 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жабылуына ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, отандық және шетелдік ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы аясында ашық есік күндері, көрнекті ғалымдармен, саясаткерлермен кездесулер, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ғылыми пікірталастар, шеберлік сағаттары, көрмелер ұйымдастырылды. Конференция жұмысына 5000-нан астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар белсене қатысты. Университет факультеттерінде жалпы 147 секция жұмыс істеді.
Оның ішінде:
-    ҚР басқа ЖОО-нан 500-ден аса қатысушы.
-    Алыс шет елден және ТМД елдерінен (Қырғызстан, Қытай, Түркия, Ресей, Беларусия, Украина, Корея, Өзбекстан) 250 қатысушы.
Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде өтті. 
Конференция аясында ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалды.
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
-    жобаның тереңдігі мен пысықталу дәрежесі;
-    ақпаратты құрылымдаудың анықтығы;
-    жобаны ұсынудың жаңашылдылығы мен маңыздылығы;
-    ұсынылған жұмыс бойынша қорытындылардың болуы, толықтығы және т.б.
Конференция қорытындысы бойынша 48 студент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың дипломымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Бақытжан Жұмағұлов, Ғалымжан Жанқуатов пен Қайсар Сарыбаев қатысып, байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттады:
-    1 орын (16 жеңімпаз) - 75 000 теңге (әрқайсысына),
-    2 орын (16 жеңімпаз) - 50 000 теңге (әрқайсысына),
-    3 орын (16 жеңімпаз) - 30 000 теңге (әрқайсысына).

2024 жылғы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция жеңімпаздары

І дәрежелі диплом иегерлері:
1)    Амангелді Мирас Шоханұлы – филология факультеті
2)    Садырбек Динара Қайржанқызы  – философия және саясаттану    факультеті
3)    Абишева Меруерт Нұрланқызы – заң факультеті
4)    Абдихалыков Жанболат Берікбайұлы – тарих факультеті
5)    Мубәшірхан Әсел Серікқызы – география және табиғатты пайдалану факультеті
6)    Нусипов Дамир Асанович – биология және биотехнология факультеті
7)    Махашов Әлихан Ғалымжанұлы – шығыстану факультеті
8)    Рамазан Ақторғын Манарбекқызы – медицина және денсаулық сақтау факультеті
9)    Маткир Жаңабай Мұханұлы – химия және химиялық технология факультеті
10)    Нурбахыт Алексай – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
11)    Қырықбай Бағлан Арманұлы – физика-техникалық факультеті
12)    Искаков Алибек Масгутович – механика-математика факультеті
13)    Лис Валерия Васильевна – экономика және бизнес жоғары мектебі
14)    Раимкулов Заманбек Маратович – халықаралық қатынастар факультеті
15)    Шайкаламова Саида Болатовна    – ақпараттық технологиялар факультеті
16)    Сейсенбаев Санжар Берікұлы – журналистика факультеті

ІI дәрежелі диплом иегерлері:
1)    Алуақас Зере Еділқызы – филология факультеті
2)    Маратов Алмаз Кайратович – заң факультеті
3)    Набиева Назира Ержанқызы – философия және саясаттану факультеті
4)    Ахметқан Әнел Думанқызы – тарих факультеті
5)    Нам Денис Спартакович – география және табиғатты пайдалану факультеті
6)    Елиубаев Канат Омирбайулы – биология және биотехнология факультеті
7)    Мичкасов Алексей Александрович – шығыстану факультеті
8)    Нарова Дарина Ришадовна – медицина және денсаулық сақтау факультеті
9)    Әлімбек Аружан Ерланқызы – химия және химиялық технология факультеті
10)    Такэсита Момока – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
11)    Пелагейкина Анна Олеговна – физика-техникалық факультеті
12)    Эфендиев Саид Хабибулаевич – механика-математика факультеті
13)    Баймырза Ұлықбек Серікұлы – экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
14)    Айбагаров Серик Жумагиреевич – ақпараттық технологиялар факультеті
15)    Берикова Аружан Каиргельдиновна – халықаралық қатынастар факультеті
16)    Сатыбалды Асылзат Даулетқызы – журналистика факультеті

ІII дәрежелі диплом иегерлері:
1)    Саткенова Шынар Бағашарқызы – филология факультеті
2)    Байдулина Аяна Серікқызы – заң факультеті
3)    Старчикова Анастасия Анатольевна – философия және саясаттану факультеті
4)    Cарсен Елнұр Қуанышұлы – тарих факультеті
5)    Жанабай Назым Кайратовна – география және табиғатты пайдалану факультеті
6)    Құнанбаева Алуа Абайқызы – биология және биотехнология факультеті
7)    Анер Арлан Асқарұлы – шығыстану факультеті
8)    Омарова Индира Сайлауовна – медицина және денсаулық сақтау факультеті
9)    Муканов Аскар Маратович – химия және химиялық технология факультеті
10)    Мөлдір Бейілқан – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
11)    Мұхаметқалиұлы Әділ – физика-техникалық факультеті
12)     Карлина Елизавета Игоревна – механика-математика факультеті
13)    Сансызбай Самал Саматқызы – экономика және бизнес жоғары мектебі
14)    Арапова Жанерке Елдосқызы – ақпараттық технологиялар факультеті
15)    Нурсапиев Нұртілек Багдатұлы – журналистика факультеті
16)    Джурабеков Елдос Азизбекович – халықаралық қатынастар факультеті

  

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ