ҚазҰУ еуропалық жоғары білім беру көрмесі ашылды.
Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесі есігін айқара ашты. Іс-шараға Еуропалық Одақтың 24 елінің (ЕО) сексен жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жәрменке қонақтары бакалавриаттан бастап, PhD деңгейіне дейін Еуропалық Одақтағы жоғарғы оқу орындары туралы толық және нақты мағлұмат алады. Жәрменкеге көпсалалы жоғары оқу орындары мен қатар тарсалалы университеттер де қатысуда. Олардың бірі - Плевен Болгария медициналық университеті. Бұл университет өз елінде және Еуропа кеңістігінде мықты жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, әрі Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясының өкілі Траян Христеа атап өткеніндей, көрме - бұл жас адамдар үшін, ЕО-тың үздік жоғары оқу орындарында кәсіптік білімге қол жеткізуге болатын үлкен мүмкіндік болып табылады. Ол сондай-ақ, Қазақстан студенттері мен университеттердің ЕО білім беру бағдарламаларына белсенді қатысып отырған фактісін атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын артып, жақсы нәтижелер беруде. Осылайша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Еуропалық Комиссияның TEMPUS жобаларына ат салысып отыр. «1995 жылдан бастап, TEMPUS 76 білім беру жобаларын іске қосуға жәрдемдесіп, оған қазақстандық 45 жоғары оқу орны қатысты. Соңғы он жыл ішінде, ЕО білім беру бағдарламалары мен стипендиялары Қазақстанның мыңнан астам студентіне білім алуға көмек болды», - деді ол.
Темпус - Еуропалық Одақтың ең ауқымды бағдарламаларының бірі және ЕО серіктес мемлекеттерде жоғары білім беру жүйесін жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге ықпал етуге бағытталған. Жәрмеңке ұйымдастырушылары Еуропада оқу үшін университет таңдаудың маңызды өлшемдерінің бес себебін атап өтті. Біріншісі - таңдау. Студенттер мамандықтардың ондаған мыңынан таңдау жасайды. Дәстүр - Еуропалық университеттер әлемдегі ең көне оқу орындары болғандықтан, олардың ерекше оқу дәстүрі мен тереңде жатқан қыр-сыры бар. Инновациялар – Еуропаның жоғары оқу орындарының ғалымдары жаһандық ғылыми жаңалықтар жасайды және олардың зерттеу жұмыстары үкімет пен ЕО тарапынан қолдау табады. Сапа - Еуропа университеттері білім беру сапасын үнемі шыңдап, заманауи талаптарға сай жетілдіріп отырады. Арнайы мүмкіндіктер – әрбір жоғары оқу орнында болашақ студенттер үшін бейімдеу және жергілікті тілде дайындық курстары қарастырылған.
Еуропалық білім беру көрмесі ҚазҰУ ғылыми кітапханасында 28 қыркүйекке дейін өтеді.