"Арт-терапия" Күміс университеті аясында

15 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Күміс университет аясында 19 сәуір 2024 жылы “Арт-терапия” курсын ұсынады.

Курс барысында, тыңдаушылар өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын арт-терапия, яғни, өнер арқылы түсіне алады, зерттей алады және психологиялық әсер нәтижелерін талқылайды.

Тренер: Жолдасова Манзура Кенесбеккызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, «Ми институтының» ғылыми қызметкері, PhD, «Арт-терапия», «Когнитивтік мінез-құлық терапиясы» бойынша маман.