Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің өкілдерімен кездесу

15 сәуір, 2024

2024 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы география және табиғатты пайдалану факультетінде метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Орталық Азиядағы су ресурстарын кешенді басқару саласындағы потенциалдылықты арттырудың маңызды мәселелері талқыланды. Талқылау барысында су ресурстарын кешенді басқаруға қатысты түрлі аспектілер, соның ішінде білім беру бағдарламалары мен студенттерді қамту мәселелері қозғалды.

 

 

Кездесу барысында Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің өкілдері факультетіміздің ғылыми-зерттеу орталықтарына, соның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау бойынша Қазақстан-Қытай зертханасына және метеорологиялық оқу станциясына барды. Сонымен қатар, олар гидрометеорология және қоршаған ортаны ұтымды басқару аясында жүргізілген зерттеулермен және әзірлемелермен танысты.