«Жасыл экономика – заманауи ғылым дамуының инновациялық бағыты» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті

29 қыркүйек, 2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экология мәселелері жөніндегі ҒЗИ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономикалық зерттеулер орталығы, География және табиғатты пайдалану факультеті бірлесіп, 2015 жылдың 18 қыркүйегінде «Жасыл экономика – заманауи ғылым дамуының инновациялық бағыты» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысы он-лайн режимде G-Global платформасында өтті.

Жасыл экономикаға көшу жолдарын талқылау барысында ғалымдар – экономистер, физиктер, химиктер, географтар және экологтар– Қазақстанның ұлттық экономикасының дәстүрлі моделін «жасыл» модернизациялаудың басымды бағыты, оның негізгі тенденциялары мен кезеңдері жөнінде пікір алмасты, сонымен бірге «жасыл» реформаларды жүзеге сәтті асыру үшін ұсыныстар тұжырымдады.

Сонымен, өткізілген дөңгелек үстелдің басты мақсаты жүзеге асты – ол әр түрлі елдердің университеттері мен ғылыми зерттеу институттарының пәнаралық ғылыми тәсілдемесін пайдалану негізінде «жасыл» экономиканы дамытудың басымды бағыттарын әзірлеу.