ТДМ әлеуметтік компонентіне сай келетін «Еңбек» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті

16 сәуір, 2024

12.04.2024ж. 14.00 де  Экономика және бизнес жоғары мектебі, 233 мәжіліс залында Экономика кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. проф.м.а. Даулиева Ғ.Р.,  аға оқытушылары Д.Р.Тұраров, Г.К. Андабаева,  Иляшова Г.К., топ эдвайзері І.О.Кулиев және Э22К1 студенттерінің  ұйымдастыруымен ТДМ әлеуметтік компонентіне сай келетін «Еңбек» құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Іс шараның мақсаты – «Еңбек» құндылығы «Құтты білік және қазіргі құзыреттілік», «Адал еңбек және жасампаздық» жүйе құраушыларынан тұратынын түсіндіру (ТДМ 3, ТДМ 8). Сонымен қатар  Ұлттық құрылтайдың ашылуында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаев: «Еңбек қорлық біздің негізгі құндылығымыз болу қажет. Табанды еңбек-еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын басты формуланың бірі және бірегейі»,-деп айтқан сөзін жастарға кең таратып жеткізу.