София университетінің (Болгария) ғалымы, жапонтанушы, PhD Людмила Кирилова Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне дәріс өткізді

16 сәуір, 2024

12.04.2024 ж. сағат 15:00 София университетінің (Болгария)  ғалымы, PhD Людмила Кирилова Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне «Болгариядағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ол София университетінің ғылыми жобаларын да, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын да қамтитын жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатын халықаралық ынтымақтастық жөнінде егжей-тегжейлі баяндап берді. Дәріс барысында студенттердің академиялық ұтқырлығының негізгі ерекшеліктері, ұтқырлық кезеңін қаржыландыру мәселелері, оқыту бағыттары және София университетінде оқуға өтініш берген үміткерлерге қойылатын талаптар да талқыланды. Дәрістен кейін студенттер шетелде оқу мүмкіндіктеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шетелдік оқытушымен пікір алмасты. Шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

 Қиыр Шығыс кафедрасы

                                                                                                             Жапонтану бөлімінің меңгерушісі

                                                                                                                        Тазабекова Г.Б.