Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының ынтымақтасуы, білім беру саласында жаңа деңгейге шығуда

29 қыркүйек, 2015

ҚазҰУ-да «Жоғары білім саласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық» атты конференция өтті. Конференцияны ҚазҰУ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілеттігі ұйымдастырды. Іс-шарада Еуропалық Одақтың 24 мемлектінен (ЕО) сексен жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары қатысты.

Іс-шара барысында сәлемдесу сөзімен ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.Бүркітбаев сөз сөйлеп, Қазақстанның жоғары оқу орындары Еуропалық университеттермен ынтымақтасуға ниет білдіргендігін атап өтті және форум Қазақстанның білім беру саласын одан әрі жаңғырту мен интернационалдандыруға ықпал ететін, ынтымақтастықты дамыту бағытын анықтайтынына сенім білдірді.

Кездесу барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары ұсынылды. Олар соңғы жылдары бірлескен ынтымақтастық нәтижелерін көрсетті, болашақ мүмкіндіктер мен ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Атап айтқанда, өз баяндамасында Қазақстан білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Серік Өмірбаев, Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының арасында қол қойылған тоғыз мың шарттар мен меморандумдарды атап өте отырып, ЕО және Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нәтижелерін ұсынды.

«Әсіресе әлемге танымал болған, Президенттің «Болашақ» бағдарламасын атап өткім келеді. Жиырма жыл ішінде, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары он мыңнан астам Қазақстандықтар болды, бұл бағдарлама әртараптандырылған, және бұл стипендия жоғары білім ғана емес, сонымен қатар бағдарлама магистратура, PhD докторантурасында оқу үшін, сондай-ақ білім беру және ғылыми тағылымдама үшін» ,- деді Серік Өмірбаев.

Конференцияда, сондай-ақ саясат, баспасөз және Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің ақпарат бөлімінің басшысы Камен Величко сөз сөйледі. «Білім беру, әрқашан маңызды жетістіктер әкелді, ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі саласы, Қазақстан мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа жетілдірілген келісім, басым болып қала береді. Мен, біздің көрмеге қатысқан студенттер Еуропалық университтері ұсынған мүмкіндіктерді қарастырып, оқу орындарының оқытушылары Еуропалық оқу орындарымен ынтымақтастыққа еншілес бағдарламаларына мүдделі болар деп үміттенемін»,-деп атап өтті.