«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және ТДМ 15:Құрлық экожүйелерін сақтау

13 сәуір, 2024

Елімізде  8 сәуір мен 11 мамыр аралығында  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. 1 апта  8-13 сәуір аралығында «Таза өлке» атауымен өтеді. Осы акция барысында және Тұрақты даму мақсаттары 15: Құрлық экожүйелерін сақтауды қолдау мақсатында ҚазҰУ-да жалпы университеттік сенбілік өтті. Ақпараттық технологиялар факультетінен 300 -ге жуық студенттер мен оқытушы-профессорлық құрам қатысты. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасынан 100 ге жуық студенттер мен оқытушылар қатысып, университет аумағын тазалады.
Қатысқан кураторлар мен студенттік топтар: Асет А., Базарбек Ж.П.
Деректер туралы ғылым 2207 @datascience2207 , 2301 @data_science2301 , 2208 топтары .
Интеллектуалды басқару жүйесі мамандығы 2101, 2304, 2303 топтары.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы