Ұлы елдің ұлы тұлғалары!

16 сәуір, 2024

12 сәуір – Ғылым күні. Қ.И. Сәтбаевтың 125 жыл мерейтойына орай, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері (аға оқытушы, п.ғ.к. Аманбаева Ю.Қ.) іс-шара өткізді. Іс-шара барысында үлкен шабытпен ескерткіш басында және көрермендер алдында өлеңдер оқылды, отандық ғылымның барлық саласына өлшеусіз үлес қосқан Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаяны мен мансап жолы туралы ақпарат берілді. Слайдтар мен фотосуреттер көрсетілді.