«Гендерлік кедергісіз жарқын болашақ»
2024 жылдың 11 сәуірінде Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Спанбек А.Н. «6В05203 – Гидрология» мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесіп Тұрақты даму мақсатын іске асыру шеңберінде Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту аясында «Гендерлік кедергісіз жарқын болашақ» тақырыбында брейн-ринг өткізілді.
Брейн-ринг гендерлік теңдік мәселелерін, гендерлік стереотиптер мен гендерлік әділеттілікке қол жеткізуде қоғам алдында тұрған қиындықтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Брейн-ринг барысында ерлер мен әйелдердің отбасы мен қоғамдағы рөліне қатысты теріс пікірлер, білім беру мен еңбек саласындағы шектеулер сияқты қоғамда орын алған негізгі гендерлік стереотиптер анықталып, талқыға түсті. Сондай-ақ мәдени нормалар мен стереотиптерді өзгерту, ерлерді гендерлік теңдік үшін күреске тарту және әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен саясатты жетілдіру бойынша түрлі стратегиялар мен бастамалар талқыланды. Талқылау барысында біздің мәдениетімізге еніп, ерлер мен әйелдердің еркіндігі мен тең мүмкіндіктерін шектейтін негізгі гендерлік стереотиптер анықталды.
Брейн-ринг гендерлік мәселелерді талқылауға, проблемаларды анықтауға және оларды жеңу стратегияларын әзірлеуге арналған тиімді алаң екенін дәлелдеді. Қатысушылар пікірталасқа белсенді түрде қатысып, әртүрлі көзқарастарын білдіріп, әрі қарайғы іс-әрекеттер үшін құнды ұсыныстар жасады.