ТДМ 3 «Денсаулық пен амандық»

21 наурыз, 2024

2024 жылдың 20 наурызында Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының доцент м.а. Балмұханова А.М. «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс бакалавриат студенттеріне ТДМ 3 «Денсаулық пен амандық» атты іс-шаралар аясында дәріс оқыды. Дәріс бүйрек ауруларының алдын алуға және бүйрек патологиясын дер кезінде анықтаудың маңыздылығына арналды. Жыл сайын наурыз айы бүйрек денсаулығына арналған ай болып саналады, өйткені Дүниежүзілік бүйрек күні наурыз айының екінші бейсенбісі бүкіл әлемде атап өтіледі, оның басты мақсаты – халық пен денсаулық сақтау саласы мамандарының хабардарлығын арттыру.