ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым»
2024 жылы сәуірдің 15-ші күні Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С., Гайипова Г.А., Михальченко Е.Н. Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс білім алушыларымен бірге Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Жастар және Интернет» тақырыбында ағылшын тілінде пікірсайыс түрінде іс-шара өткізді.
Білім алушылар дебат барысында үш топқа бөлінді. Бірінші және екінші топ ұсынылған тақырыптар бойынша өздерінің ойларын айтып, интернеттің жағымды және жағымсыз жақтарын білдірді. Үшінші топ сұрақтар қойып, екі топтың өнерін бағалады, ал іс-шара соңында қатысушылардың дәлелдеріне объективті баға берді.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде, интернет тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.
Іс-шара соңында дебатқа белсенді қатысқан білім алушылар сертификаттармен марапатталды.