Тұрақты тұтыну мен өндіріс үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету

16 сәуір, 2024

2024 жылдың 16 сәуірінде ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» жобасын іске асыру шеңберінде «Тұрақты тұтыну мен өндіріс үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету» тақырыбында 3 курс «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының студенттері және шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Бектурова Э.К. бірігіп іс-шара өткізді. Кездесу барысында профилактикалық шаралар арқылы қоршаған ортаның ластануын азайту, қалдықтарды қайта өңдеу және ластаушы заттардың, әсіресе химиялық заттардың бөлінуін азайту сияқты мәселелер талқыланды.