Әдіснама - сапалы зерттеудің құралы
17 сәуір, 2024
17 сәуір 2024 жылы шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының "Жас ғалымдар кеңесінің” ұйымдастыруымен тұрақты дамудың “Сапалы білім” мақсатына сәйкес т.ғ.д., профессор Лаура Ерекешева “Әдіснама және зерттеу жұмысының ғылыми әдістері” атты ғылыми семинар өткізді.
Тақырып - факультеттің жас ғалымдары, магистрант және докторанттары үшін өте маңызды. Ғылыми тәжірибесі мол ғалым Л.Г.Ерекешева зерттеу жүргізудің кезеңдерін, жаңа әдістерді қолданудың тәртібін баяндап, жас ғалымдардың зерттеу тақырыбына сай әдістердің қолданысын ұсынды.
Семинарға факультеттің барлық кафедраларынан жас ғалымдар қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Бокулева Б.С
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
Басқа жаңалықтар
23 желтоқсан, 2024
23 желтоқсан, 2024
23 желтоқсан, 2024