Ғылымдағы жастар

8 сәуір, 2024

2024 жылдың 4-6 сәуірінде  Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-де "Фараби әлемі"  атты студенттер мен жас ғалымдардың кезекті халықаралық ғылыми конференциясы өтті. «Катализ және мұнайхимиясының заманауи аспектілері» секциясында  мұнай өңдеу, катализ және мұнайхимия саласындағы ғылыми бағыттар талқыланды. Ғылыми бағыттардың бір бөлігі ретінде  "Тас көмір шайырын гидробайыту арқылы кокс алу"  жұмысы қорғалды. Конференция нәтижесінде  4 курс студенті Ыбайхан А.М  III дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Смағұлова Н.Т.