2024 жылдың 17 сәуірінде 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру
«Салауатты өмір-болашақ кепілі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т
Қоғам байлығы – адам болса, адамның басты байлығы-денсаулық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар атап көрсетілген.
Кеше, Мырзатай орта мектебінде «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында форум өтті.
Айтулы шараны аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ашып, «Жамбыл - адалдық алаңы» жобасы аясында жұмыс жасап жатқан аудандық мониторингтік топтың міндеті - сыбайлас жемқорлықпен, әсіресе тұрмыстық жемқорлықпен күрес, яғни, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда жиі кездесетін кереғар фактілердің алдын алу болып табылатындығын атап өтті.
- Жалпы, салауатты өмір салтын ұстану- дұрыс тамақтанудан басталады. Отбасында, мектеп пен балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалардың денсаулығы мықты болуы үшін тамақ құнарлы, сапалы болуы міндетті.
Осы бағытта Ғайни Көшекбаева басшылық ететін мониторингтік топ мүшелері аудан көлемінде көптеген шаруалар атқаруда.
Денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы-салауатты өмір салтын қалыптастыру. Саламатты ұлт - ел келешегі. Жастарымыздың денсаулығы мықты, шыныққан, бәсекеге қабілетті болуы үшін салауатты өмір салтын ұстануымыздың маңызы зор,- дей келе, Нұржан Молдиярұлы көпшілікті форумның ашылуымен құттықтады.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024