«GLOCK 17» тапаншасынан сараптамалық оқ ату

18 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсатының ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» атты ТМД 4-тармағын және университет мерейтойы қарсаңында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «90 жыл – 90 іс-шара» мерейтойлық іс-шаралар циклын жүзеге асыру аясында кафедра оқытушылары C.Ш. Даубасова, Р.Б. Тұрысбек «GLOCK 17» тапаншасынан сараптамалық оқ атуларды жүргізу бойынша тәжірибелік оқу сабақтарында үздік мергенді анықтау мақсатында сайыс ұйымдастырылды. Тәжірибемен тығыз байланыстырылған оқу сабақтары ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға ықпал етеді. Жарыс  Алматы облысы, Қаскелең қаласының сыртында орналасқан «Долан» мамандандырылған оқу орталығында болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіби қызметінде кездесуі мүмкін жағдайларды жасау арқылы арнайы нұсқаушылардың жетекшілігі және қатысуымен өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында  жалпы 50 астам «6В12301 - Құқық қорғау қызметі» 3 курс  және «6В04205 – Құқықтану»  4 курс  студенттеріне арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда студенттер III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!