Lumiere-Hall — Қазақстандағы тұңғыш проекциялық мұражайына саяхат

17 сәуір, 2024

          Пдк -205 тобының білім алушылары топ кураторы М.Ж. Камалиденнің жетекшілігімен  жаңа әрі заманауи- “Lumiere-Hall” мультимедиялық форматтағы проекциялық мұражайына  барып, алуан түрлі заманауи картиналарды тамашалап қайтты.
          Ұлы суретшілердің 150 - ден астам анимациялық картиналары мен үлкен мультимедиялық экрандар арқылы өнер әлеміндегі елеулі тұлғалардың шығармашылығын тамашалаған білім алушылар таңданысын жасырмады.    
          Lumiere-Hall — Қазақстандағы тұңғыш проекциялық мұражай. Жаңа мәдени нысан ең заманауи технологиямен жабдықталған. Мұнда ұлы суретшілердің шығармашылығына үңіліп, эстетикалық ләззат алуға, олардың өмірі туралы қызықты деректер жайында білуге болады. Мұражай аумағында өнер әлеміндегі адамдардың шығармашылық өмір жолы туралы лекциялар тыңдауға болатын мультимедиялық көрмесі бар үлкен проекциялық зал орналасқан. 
           Әсерлі музыканың сүймелдеумен жаңа форматтағы ұлы тұлғалардың туындыларын тамашалаған білім алушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.