ҚазҰУ оқытушысы «Жылдың жас ғалымы» атанды

25 қаңтар, 2010

ҚазҰУ-дың философия докторы (PhD), химия факультетінің аға оқытушысы Ерлан Досжанов өткен жылды жақсы нәтижемен қорытындылады. Ол республикалық «Жастар - 2009» байқауының іріктеуінен өтіп, «Жылдың жас ғалымы» атағына ие болды.

2009 жылды қорытындылай келе, Астана қаласында «Нур Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жастар Конгресінің ұймдастыруымен және Қазақстан жастарының бірлесуімен жыл сайынғы «Жастар-2009» сыйлығының иегерін таңдады. Тәуелсіз Қазақстанның, еркін ұшып келе жатқан қыран құс мүсінін үздіктердің үздігі ие болды.

Жастар сыйлығы 18 номинациямен іріктелді: «Жыл көшбасшылары», «Жас политик», «Жас депутат», «Ең үздік жастар ұйымы», «Жыл спортшысы», «Жыл мемлекеттік қызметкері», «Ең үздік ауыл жастар ұйымы», «Ең үздік ауыл мұғалімі», «Жыл таланты», «Ең үздік творчествалық ұйым», «Жылдың медицина қызметкері», «Жыл ғалымы», «Үкілі үміт», «Жыл журналисті», «Жыл дебюті».

Байқау ережелері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлер қатысқан. Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен барлық белсенді жас көшбасшылары, жас оқытушылар, жастар қоғамдық ұйымдары, атақты жетекшілер, жас перспективті саясаткерлер, мықты спортшылар, ойшыл жас журналистер мен мемлекетіміздің мекеме қызметкерлері қатысуға тілек білдірген. Нақтылай келсек, сыйлық лауреаттарын анықтау процесінде 18 номинация бойынша 360 ұсыныс, ал соның ішінде «Жыл ғалымы» номинациясымен 35 жұмыс келіп түскен.

«2008 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымы» атты университеттік байқаудың жеңімпазы болғанмын. Бернеше рет қатарынан ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға және конгрестерге қатысып жүлделі келетінмін. Екі жыл қатарынан шет елдерде (Германия) ғылыми тәжиребелерімді іске асырдым. Осының барлығын ескере отырып, қазылар алқасы финалға шыққан 5 жұмыстың ішінен менің жұмысымды таңдаған. Ғылыми ізденіс үстіндегі жастарға сенім артып, олардың еңбегін бағалауы бізді шын серпілтіп тастады», - дейді.

Қазақстанның ең жоғарғы жастар премиясымен марапатталған жас ғалым ҚазҰУ мерейін асырып, жетекші оқу орынның қалыптасқан ғылыми әлеуетінің бай әрі қуатты екендігін дәлелдеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі